Зейнеткердің пәтерін тазалауға келген ақмолалық келіншек үй иесінің атына несие рәсімдеген. Полиция алаяқтық жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
17 маусым күні Жақсы ауданының полиция бөліміне ауданның 64 жастағы тұрғыны келіп шағым түсірді. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу оның атына 2 миллион теңгеге банктік несие рәсімдеген.
Жедел іс-шаралар барысында ер адамның атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды. 37 жастағы әйел жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Залал 4 миллиард теңге: Түркістан облысында білім бөлімінің 41 қызметкері ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Ақтөбеде жәбірленушілерге БЖЗҚ-дан жинағын алуды ұсынған алаяқ сотталды
“Банктік несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша оның пәтерінде тамақ дайындап, тазалық жұмыстарымен айналысқан. Ол жәбірленушінің банктік қосымшасына кіру үшін оның туған күнін сұраған. Сөйтіп ер адамды алдап, ол жоқта оның атына несие рәсімдеген. Кейін банк несиеге берген ақшаны ұлының есепшотына аударған”, – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты полиция қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.