Елордада жоқ пәтерді жалға беріп келген күдікті ұсталды. 41 жастағы қала тұрғыны әлеуметтік желіге "төмен бағада пәтер беремін" деп жариялаған. Үй іздегендерге орынның шектеулі екенін айтып, 150 мың теңгеге дейін алдын ала төлем сұрапты. Арбауға ілінгендердің арасында күдіктінің шотына 120 мың теңге жіберген 23 жастағы жәбірленуші бар. Одан бөлек тағы 8 азамат полицияға шағымданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да зардап шеккендер болуы мүмкін.