$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Ақтөбеде тубдиспансердің құрылысы аяқсыз қалды

24.06.2024ж. 20:00
181
Ақтөбеде тубдиспансердің құрылысы аяқсыз қалды

Ақтөбеде салынып жатқан туберкулез диспансерінің құрылысы аяқсыз қалды. Үш жүз орындық ауруханаға қазынадан 499 млн теңге жұмсалған. Бірақ нысан құрылысы бес жылдан бері тоқтап тұр.

Жобаның жалпы құны- 12 млрд теңге. Ғимарат құрылысы 2016 жылы басталған. Екі қабаты салынып, шатыры жартылай жабылған күйі тоқтап қалған. Сол уақыт аралығында құрылыс материалдары да екі есе қымбаттап, нысанның бастапқы құнынан бағасы өзгеріп шыға келіпті. Оған қоса өңірде туберкулезге шалдығушылардың саны 22 есе азайған соң, тағы бір ауруханаға қажеттілік болмаған. Енді бұл аяқталмай тұрған құрылыстың тағдыры қалай болары белгісіз. 

Іңкәр ҚАРАШАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Құрылыстың қазіргі таңда қажеттілігі туберкулезге қарсы диспансердің ондай қажеттілігі болмай тұр. Қараусыз емес . Ол консервация этапында тұр. Алдағы уақытта мүмкін инфекциялық стационар болады. Бұл үлкен клиника ашылады деген ойдамыз. Бұл сұрақ қазір қарастырылып жатыр.