Алматыда 65 қазақстандық мемлекет талаптарын бұзып шетелдік жұмыс күшін пайдаланған. Бұл арнайы рейд кезінде анықталды. Шетелдіктер қаладағы құрылыс ғимараттарының бірінен ұсталған. Қалалық көші-қон қызметінің хабарлауынша, шетелдік жұмыс күшін тартудың арнайы тәртібі жеке және заңды тұлғалар тарапынан өрескел бұзылған.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алматы қаласының полиция қызметкерлері кезекті рейд барысында нысандардың бірінде қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген 51 шетелдікті анықтады. Олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, ПД-ның қабылдап-тарату орталығына орналастырылған. Нысанның басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.