Жыл басынан бері 172 павлодарлық хабар-ошарсыз кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлердің жоғары кәсібилігінің арқасында Ертіс өңірінің жоғалған тұрғындары қысқа мерзімде үйлеріне аман-есен оралған. Іздестіру жұмыстарына өңірлік еріктілер де үлкен көмек көрсетеді. Жыл басынан бері облыс полициясына павлодарлықтардың хабар-ошарсыз кетуі туралы барлығы 172 өтініш келіп түсті.
- Тәжірибе көрсеткендей, жылы мезгілде адамдардың жоғалып кетуінің ең көп тараған себептерінің бірі - алкогольді ішімдіктерді асыра пайдалануы, - дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жәмиев.
Мысалы Павлодар қаласының полициясына 45 жастағы азаматтың баласы өтінішпен жүгінген. Ұлы анасының жоғалып кеткенін айтпас бұрын оның өздігінен оралуын бір апта күтті. Жоғалған адам алкогольдік ішімдікке әуес болған, сондықтан ол бірнеше рет жоғалып кетіп жүрген. Басқа жағдайда "102" жедел каналына 22 маусымда бірге тұратын дос қызының үйден кеткенін мәлімдеген павлодарлық жігіт қоңырау шалды. Ол бірнеше сағат бойы сүйіктісін таба алмағанын айтып шағымданған. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
- Жоғалған адамдар көбінесе жақындары алаңдаушылық туғызады деп ойламайды. Жасөспірімдер достарының үйінде түнеп, бұл туралы ата-аналарына айтпайды, телефондарын өшіреді. Ересектер мас компанияны туыстарынан жоғары қояды. Егер адам жоғалып кетсе таныстарына, достарына және жақындарына дереу қоңырау шалу керек. Қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда, жақын жердегі полиция бөліміне дереу хабарласу керек, - деп кеңес береді полиция қызметкерлері.