Орманға баруға тыйым салу өте жоғары өрт қаупіне байланысты енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» резерватында өрт қауіптілігінің төртінші класы жарияланып, орман алқаптарында адамдардың болуына және көліктердің кіруіне шектеу қойылды.
– Ормандарды өрттен сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Табиғатты аялап, өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз. Қоршаған ортаны өрттен бірге қорғайық,- дейді резерват қызметкерлері.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта жасалған құқық бұзушылық үшін айыппұл жүз АЕК-тен жоғары, яғни 369 200 теңгені құрайды.
Өрт орын алған жағдайда орман күзетшілеріне немесе төтенше жағдайлар қызметіне 8 (71836) 32-2-22, 8 (7182) 78-77-32 немесе 101 телефондары арқылы хабарлау қажет.