Былтыр елімізде 15-17 жас аралығындағы 1500 жасөспірім ана атанған. Бұл- арнайы медициналық ақпараттық жүйедегі факт. Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату оқиғалары біршама төмендеді дегенмен, қолдағы бар ақпарат көңіл көншітпей отыр.
Шәкизат ХАЛЫҚОВА, ҚР ДСМ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
2200-ге жуық қыз бала 15-17 жасты қоса есептегенде жүктілік бойынша есепке тұрды. 396 қыз бала жасанды түсік жасады. Жалпы біз ақпараттық жүйеден жылына екі рет, жарты жылдық және жылдық есеп аламыз.
Жалпы жасөспірімдер арасында босану мен түсік жасату, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ана мен бала өлімі фактілері жиі болады. Бұл әлеуметтік көмекті қажет ететін өзекті мәселелерге айналған, дейді мамандар.
Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің елімізде 18 жас аралығындағы балалар саны 7 миллионға жуық, оның ішінде ұлдар 51,3 пайыз, қыздар 48,7 пайызды құрайды. Қала, ауыл бөлінісінде балалар арасындағы ұлдар мен қыздардың да үлесі бірдей.