$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар әуежайы ғимаратты жалдау ақысын 15 пайызға көтермек болған

25.06.2024ж. 20:00
263
Павлодар әуежайы ғимаратты жалдау ақысын 15 пайызға көтермек болған

Павлодар әуежайы ғимаратты жалдау ақысын 15 пайызға көтермек болған. Бұған қарсы болған әуекомпаниялары бәскелестікті қорғау және дамыту департаментіне шағымданды. Арыз негізінде тексеру жүргізген құзырлы орган бірқатар былықтың бетін ашты. Әуежай басшылығына жалдау ақысын не себепті көтергенін сұрап, хат жазған. Алайда, аэропорт басшылығы бұны да жауапсыз қалдырып, тексеруші органға үн қатпаған. Сол себепті мекемеге тергеуге қажетті ақпарат ұсынбағаны үшін 664 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Қуат ӨТЕУОВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тексеру барысында жалдау ақысын көтерудің негізгі себебі коммуналдық шығындардың өсуі мен жалақының өсуіне байланысты болған. Сол себепті кәсіпкерлік кодексі негізінде тергеу жұмысы тоқтатылды. Ал жалдау ақысын негізсіз көтеру дерегі дәлелденбеді.