Маңғыстауда 1 миллиард теңгеге жуық қаржы ұрлады деген айыппен мұнай компанияларының басшылары ұсталды. Прокаратура аймақта мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнына тексеру жүргізіп жатыр. Нәтижесінде «ОйлТранспортКорпорейшн» серіктестігінің лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 миллиард теңгеге техникалық талапқа сай келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Олар көліктердің бағасын 400 миллион теңгеге қымбат бағалаған. Сондай-ақ, кәсіпорында жұмыс істемеген адамдарға жалақы төлеу. Олардың ішінде компания басшылығының жақын туыстары да болғаны белгілі болды. Қазір 4 лауазымды тұлға ұсталып, сотқа дейінгі тексеріс басталды.