$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Өзге мемлекетте жұмыс істеуге ниетті жастарды дайындайтын орталық ашылады

25.06.2024ж. 20:00
204
Өзге мемлекетте жұмыс істеуге ниетті жастарды дайындайтын орталық ашылады

Шетелде жұмыс істеп, айлығын ала алмай жүрген азаматтар бар. Өзге мемлекетте нәпақа табатындар заңбұзушылыққа жиі тап болады. Енді олардың құқығы заңды түрде қорғалады. Бұл туралы Үкімет басшысы айтты. Олжас Бектенов Еңбек министрлігіне осы бағыт бойынша кешенді шара қабылдауды тапсырды. 

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдік алуға тиіс. Еңбек министрлігі осы бағытта кешенді шаралар қабылдасын. Сонымен қатар шет мемлекеттерде жұмыс істегісі келетіндер үшін Кәсіптік және тілдік даярлау орталықтарын ашуға болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі шетелде жұмыс істеуге ниетті жастарды дайындайтын орталық ашылады, - дейді. Даярлық курсы алдымен Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облысында басталады. 

Светлана ЖАҚЫПОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Жастарды жұмыспен қамту бағытында да жасалып жатқан шараларды атап өтсек. Бұл ретте, студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу үшін Электронды еңбек биржасында тиісті маркет-плэйс әзірленіп, қазіргі таңда тиімді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар жасалып жатыр.