Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қырғызстан СІМ өкілі Кемелова президент Атамбаевтың сұхбатына қатысты түсінік берді

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
2592
Қырғызстан СІМ өкілі Кемелова президент Атамбаевтың сұхбатына қатысты түсінік берді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 2010 жылы болған қандай блокада? Қырғызстан тарапы бүгін осы сұраққа жауап бере отырып, сол тұстағы адам шығыны туралы дерек келтірді. Елдің сыртқы істер вице-министрі Динара Кемелова мұны Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Айымдос Бозжігітовті қабылдауы кезінде айтқан.

Динара Кемелова Қырғыз Республикасы СІМ бірінші орынбасары:

Аса қажетті дәрі-дәрмек Қырғызстанға уақытылы жеткізілмей жағдайды қиындатты. 2010 жылғы сәуір төңкерісінен соң Қазақстан шекараны жауып, адамдар өзеннен жүзіп өтуге мәжбүр болды. Мыңдаған адамның өміріне қауіп төнді, тіпті бала өлімі тіркелді.

Ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланды. Әңгіме Алмазбек Атамбаевтың Euronews телеарнасына берген сұхбатында қатысты. Еске салайық, қырғыз басшысы журналистің «Еуразиялық экономикалық одаққа кірулеріңізге не себеп болды?» деген  сұрағына «Егер одаққа енбесек, блокада қаупі төнетін еді. 2010 жылы Қазақстан бізге блокада құрғанда, адам шығыны болды», - деп жауап берген. Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қырғыз тарапынан бұған қатысты түсінік беруді талап етті. Бұл туралы ведомство өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады.