$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Шымкентте жылан қаптады: мамандар мұның себебін түсіндірді

AstanaTV
25.06.2024ж. 22:30
363
Шымкентте жылан қаптады: мамандар мұның себебін түсіндірді

Шымкентте кейінгі уақытта жыландардан қорғану үшін құтқарушылардың көмегіне 120 адам жүгінген. Бұл туралы 24.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, бауырымен жорғалаушылар тұрғын үй мен аулаларға кіріп, жұрттың үрейін туғызып жатыр. Жедел құтқару жасағы бұл жағдайға олардың жұптасу кезеңі мен күннің күрт ысуы да әсер етуі мүмкін екенін айтады. Аптап кезінде жыландар жертөле мен туннельдерден де табылған. Мамандар оларды арнайы құралдың көмегімен ұстап, қала сыртына шығарып тастады.

"Күніне 5-6 шақыру түседі. Кей апталарда күніне он шақты шақыру шығып тұрады. Енді әртүрлі болады жыландар. Улысы да бар, улы емесі де бар. Көбіне усыз. Сары жылан, қара жыландар, шұбар жыландар кездеседі. Біздің жігіттер оларды алып, қауіпсіз жерлерге шығарып тастайды", - дейді қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы Орынбасар Төртбаев.