$465.52 €498.2 ₽5.45
×

Құрбан айтта Оралдағы базарда болған жарылыс: жасөсірім әлі жансақтау бөлімінде жатыр

AstanaTV
26.06.2024ж. 00:36
170
Құрбан айтта Оралдағы базарда болған жарылыс: жасөсірім әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Құрбан айтта Оралдағы базарда газ баллоны жарылып, 10 адам зардап шеккен еді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жасөспірім, тағы бір адам әлі жансақтау бөлімінде жатқанын, екі ересек адам политравматология бөліміне ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

16 маусымда қаладағы базарлардың бірінде құрбандыққа арналған малдың басын үйітіп жатқан кезде газ баллоны жарылған еді. Бүгін, 25 маусымда денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі екі адамның жансақтау бөлімінен политравматология бөліміне ауыстырылғанын хабарлады.

"Екі адам емделіп шықты. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Төрт науқас политравматологиялық бөлімшеде емделіп жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Бір бала әлі жансақтау бөлімінде, екіншісі травматология бөлімінде жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, оларға қажетті ем-дом тағайындалды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.