Шымкент прокуратурасының үйлестіруімен Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы арнайы операция жүргізу барысында "Бозарық" шағын ауданында орналасқан жеке үйде синтетикалық есірткі дайындау зертханасы анықталды.
Аталған мекенжайды тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, прекурсорлар және өткізу мақсатында заңсыз дайындалған аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттары анықталды.
Шамамен 10 келіге жуық мефедрон синтетикалық есірткі және 2 тонна көлемдегі прекурсорлар тәркіленді.
Аса iрi мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды бей-жай қалмауға және мұндай фактілер анықталған жағдайда, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
"ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды."
Шымкент қаласының прокуратурасы