Астана қаласы әкімдігі елорда күні қалай атап өтілетінін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін", - деп жазылған елорда әкімдігі хабарламасында.
Сонымен қатар, 6 шілде - Астана күніне орай дрон шоуы ұйымдастырылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен жасалады.
"26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық тұрғыда ұшырылады. Соңғы суретті елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілдеде ЭКСПО аумағында көреді. Уақыты туралы қосымша хабарланады", - деп жазылған мәліметте.