Бүгін-есірткіге қарсы күрес күні. Елімізде нашаға тәуелділер саны азайды. Соңғы бес жылда 35%-ға төмендеген. Есірткі жеткізушілердің 40 тан астам арнасы жойылды. Зиянды өнімге қарсы тағы қандай күрес жүргізіліп жатыр? Толығырақ тілшіміз тарқатады.
Есірткіні өмірлік серігі еткендердің бірі -52 жастағы Ерлан. Ол сау адамдарша өмір сүруді әлдеқашан ұмытқан. Есірткіні 32 жыл бойы қабылдапты. Басыма түскен проблемаларды сонымен ғана жеңуге тырыстым дейді.
Ерлан ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жоғарғы білімім бар. Ең алғашында опиумнан бастадым, үшінші рет қабылдағанымда тәуелді екенімді түсіндім. Опиумнан соң героин пайда болды, героин дәуірі біткен соң травмадол заманы басталды. Қазір есірткіні таблетка түрінде пайдаланады. Есірткі пайдалану барып тұрған азап. Қазір орталыққа келіп тәуелділікпен күресіп, денсаулығымды қалыпқа келтірудемін.
Ең қауіптісі – синтетикалық есірткі. Жыл басынан бері оның 107 келісі тәркіленген. Мамандардың айтуынша, синтетиканың зардабы табиғи есірткіге қарағанда анағұрлым ауыр және оның түрі өте көп. Табиғи есірткі адам ағзасынан біртіндеп шығарылса, синтетикалық түрлерін адам денесінен шығару қиын әрі ол түрлі ауру тудырып, ағзаны улайтыны былай тұрсын бірден өліп кету қаупі бар.
Тоқтар ҚОЙШЫБЕКОВ, ДӘРІГЕР ПСИХИАТР, НАРКОЛОГ:
Психикалық құбылыстарды жою, иа біз оны 1-2 айдың ішінде жойып тастаймыз. Бірақ эмоционалды тұрақсыздық, психикалық тәуелділік адамда ұзақ уақытқа сақталады. Бұл -ең ерте туатын синдром. Және бірнеше жылға дейін созылады. Сондықтан біз бір айдың, бір жарым айдың ішінде соционардағы емнің ол бір жарым ай – 45 күн. Бірақ 45 күн бұл бірінші қадам ғана.
Бүгінде 1,3 тонна есірткі мен психотроптық зат заңсыз айналымнан алынды. 4,6 тонна көкнәр мен синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13 тоннадан астам химиялық реагенттің көзі жойылды. Сондай-ақ есірткі саудасына қатысы бар 1400 заң бұзушы қамауға алынды
Бақытжан ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
33 есірткі зертханасы жойылды. 10 тоннадан астам прекусорлар тәркіленді. Осылайша тұтынуға дайын 1 тонна есірткі заттарының өндірісіне жол берілмеді. Бұл шамамен 3млн бір реттік дозалар және мыңдаған құтқарылған өмірлер.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір 18 мыңнан астам адам арнайы есепте тұр-дейді мамандар.Олардың санын азайту мақсатында депутаттар есірткі өндіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы Заң жобасын қарап жатыр.