Елордада үздік журналистер марапатталды. "AMANAT" партиясы дәстүрлі байқауын қорытындылады. Билік пен қоғамның арасында дәнекер боп жүрген тілшілерге «Аманат» медиа сыйлығы табысталды. Биыл 200-ге жуық журналист бақ сынаған. Жүзден жүйрік шыққан 12 адам 10 номинация бойынша жүлде алды. Айта кетейік, байқау осымен 15-ші рет өткізілді. Қатысуға өтініш бергендердің 30 пайызы өз жұмысын "Біз біргеміз - су тасқынымен күрес туралы үздік материал" аталымына жолдаған.
Мөлдір САПАРОВА, "АЙМАҚ ТУРАЛЫ ҮЗДІК МАТЕРИАЛ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Биыл Жетісу облысына 1949 жылдан бастап әкімшілік құрылым жүргізіліп жатқанына 80 жыл толып отыр. Соған байланысты материал болатын. Өте қуаныштымын. Халықтың қамы үшін, мұң-мұқтажын жеткізу үшін журналистер күн, түн демей еңбек етіп жүр. Соны елеп-ескеріп, байқау ұйымдастырып жатқан "AMANAT" партиясына алғыс айтамын!
Дархан МЫҢБАЙ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТИКА АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ:
Бұл енді жылда өткізілетін дәстүрлі мерекеге айналды. Шын мәнінде журналистердің еңбегін тек қана бағалау ғана емес, саралаудың кезеңі. Барлық салада журналистер алдыңғы шепте жүргенін көріп отырмыз. Өйткені, халыққа жеткізу, халық пен биліктің арасындағы көпірді дұрыс жасау меніңше үлкен сауапты әрі жауапты іс деп ойлаймын.