$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қарулы күштердің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті

26.06.2024ж. 20:00
321
Қарулы күштердің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өтті

Аягөз гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтың қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шарада қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі талқыланды. Сондай-ақ әскерлерді даярлау тәсілдерін жетілдіру мәселелері және 2024 оқу жылының қысқы кезеңіндегі әскери басқару органдары мен әскерлер қызметінің қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар қорғаныс ведомствосы қызметінің басым бағыттарын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер тапсырылды. 

Дәурен АБДУЛЛИН, ҚР ҚК БАС ШТАБЫ ЖЕДЕЛ ЖОСПАРЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл негізі іс-шараның мақсаты Аягөз гарнизонының әскери қалашығы оқу полигоның қалыпқа келтіру мақсаты болатын. Оқу жиынның барысында негізгі сабақтар бұл қарсыластын бронды техникаларын жою. Қарсыластың ұщақсыз ұшатын аппараттарына қарсы тұру. Жәй қарудың әскери мүмкіншілігін тексеру. Және басқару пунктінің елдімекендерде орналасу бойынша сабақтар жүргізілді