$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде вандалдар әуе техникасы саябағын бүлдіріп тастаған

26.06.2024ж. 20:00
431
Ақтөбеде вандалдар әуе техникасы саябағын бүлдіріп тастаған

Ақтөбеде вандалдар ашық аспан астындағы әуе кемелері саябағын бүлдіріп тастаған. Бұл саябақ әлі ресми түрде ашылған жоқ. Десе де, вандалдар ұшақтарға түрлі түсті жазулар жазып, терезелерінен түк қалдырмаған. Саябақтың алдағы тағдыры қалай болмақ? Тілшіміз білді. 

Бұл - ашық аспан астындағы мұражай саябақ. Он әуе кемесі қойылған. Дені ұшақтар, бір тікұшақ бар. Былтыр саябақта күрделі жөндеу жүргізілген. Бірақ ол ұзаққа бармапты. Вандалдар түрлі жазулар жазып, терезелерін сындырып кеткен. Ұшақтардың іші қоқысқа толып, қараусыз жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Былтыр реставрация, ремонт жасады. Камера қоймаса да күзет қою керек.
- Енді самолеттерді осындай күйде сындырмай бүлдірмей, ластамай мусор тастамай ұстаса жақсы. Халыққа көріп тұруға.
- Ата-аналары қарау керек қой балаларына тәрбие үйден басталады. Тәрбие беріп, бүлдіртпеу керек. Қаламыздың сәні ол. Келген қонақтар қарайды қаламызған.

Расында бұл әуе кемелері -Ақтөбенің сәні. Әскери институт жанындағы бұл саябақтың тарихы 1974 жылдан басталады. Мұнда қойылған әрбір ұшақтың өзіндік ерекшелігі бар. Екі жыл бұрын саябақ қалалық әкімдіктің балансына өтті. Шенділер 2022 жылы 133 миллион теңге жұмсап, күрделі жөңдеу де жүргізген көрінеді.

Талғат НАУРЫЗОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ ЖАУАПТЫ МАМАНЫ:

Мердігер мекеме жұмыстарды толық аяқтамай отыр. Соның ішінде өздеріңіз көрдіңіздер абаттандыру бар, жаяу жүргінші жолдары бар. Қазіргі таңда осыңан байланысты хабарлама жіберіп отырмыз. Жұмыстардың толық орындалмауына байланысты. Алдағы уақытта осы мекемені сотқа береміз.

Бұл саябақтың ресми түрде қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Ең бастысы әкімдіктегілер мердігермен дауласып жүргенде, тарихи жәдігерлердің түбіне вандалдар жетпесе болғаны.