$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Тараз тұрғындары жаздың аптап ыстығында шомылатын жер таппай жүр

26.06.2024ж. 20:00
593
Тараз тұрғындары жаздың аптап ыстығында шомылатын жер таппай жүр

Тараз тұрғындары жаздың аптап ыстығында шомылатын жер таппай жүр. Балаларын өзенге апарайын десе ағып кетеме деп қорқады. Ал қаланың қақ ортасындағы жалғыз жасанды «Зербұлақ» су айдыны үш жылдан бері жабық. Аңқасы құрғап, айналасында құрылыс жүруде. Ең сорақысы жарты ғасыр тегін шомылып жүрген жер, ақылы болады дегенге жұрт аң-таң. Жасанды көлді жерімен жекеге беріп жіберген жергілікті биліктің бұл әрекетін түсіне алар емес. 

«Зербұлақ» жасанды көлдің жағалауындағы бұл көрініс 9 жыл бұрынғы жағдай. Осыған дейін ел игілігіне беріліп, жаз шықса жағалауы жұртқа толып, ойын балаларының суға түсіп асыр салып ойнайтын жеріне енді ешкім кіре алмайды.

Берік ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:

Қаланың шомылуға арналған жалғыз жеріның қазіргі жағдайы осындай. Суы жоқ, жағалауы жайрап жатыр. Бұл су айданы сонау 70-жылдары салынған. Соңғы рет 18 жыл бұрын жөндеу көрген жер қазір үш жылдан бері қоршалып жабық тұр. Себебі қала әкімдігі 17 гектар жерді жекеге беріп жіберген. Оны алған кәсіпкер 11 гектарына аквапаркке айналдырған. 15-ші маусымда ашылу керек болған. Бірақ әлі жөндеу жұмыстары бітпеген.

Рүстем НҰРЖАУБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Көлдің жағдайы енді нашар. Енді қолдан жасады ғой мұны. Кезінде су да, бәрі бар етін. Қазір жоқ, міне! Қазір енді жекеге кетіп қалды, барлық нәрсе. Жекешенің істеп жатқаны тірлігі бұл. Су жоқ, халықтар жүр, міне. Қайда барады?!

Оразгүл ЖАМАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Шомылу тегін! Всю жизнь тегін болған. Бірақ енді тегін де келіп, ел демалатын жер керек шығар. Судың бәрін әдейілеп құрғатып жатыр ғой. Осының бәрін, суын құрғатып, мына жерлердің барлығына специально салып жатыр. Салғандарына уже 3-4 жыл болған шығар.

Қала әкімдігі шаһар тұрғындарының 50 жыл тегін шомылған жасанды көлді ұстап тұру мемлекетке шығын дейді. Ал кәсіпкер көлдің маңына жарық тартып, 100 метрлік 9 ұңғымадан су толтырып, жағалауын реттеп келушілерге жағдай жасайды деп отыр. 18 жасқа дейінгілерге суға шомылу тегін. Ал әлеуметтік статусы барларға 50 пайыз жеңілдік болады дейді.

Қайрат ИСМАИЛ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кәсіпкер тиісінше ол жерде қызмет жасай алмаса, онда біз, бұл бәсекелі қызмет түрі ғой. Онда басқа кәсіпкерге бәсеке арқылы ол ұсынылуы мүмкін. Ол сапаға сәйкес болуы үшін, әрине ол қызметін ақылы көрсететін болады.

Жерді алған инвестор қазір құм төсеп, автотұрақ соғуда. Бірақ көлдің бұрынға қалпы бұзылмайды дейді. Көл табанын тегістеп, балдырсыз мөлдір су болады деп сендіреді. Бұған қоса, қайықтар жаңарылып, катамаран көбейтіп жұрттың жақсы демалуына жағдай жасалады деп отыр.