$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында балабақшаның 34 бүлдіршіні астан уланған болуы мүмкін

Түркістан облысында балабақшаның 34 бүлдіршіні астан уланған болуы мүмкін

Түркістан облысы Келес ауданындағы балабақшаның 34 бүлдіршіні ауруханадан бір-ақ шықты. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері кенеттен бірінен соң бірі құса бастаған. Алдын ала болжам бойынша, балалар астан ұшынған болуы мүмкін. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Оқыс жағдай осы балабақшада болған. Мұнда 130 бала тәрбиеленіп жатыр. Амангелді ауылында орналасқан мекеменің есігі көріп тұрғанымыздай қазір жабық тұр. Бақша жұмысын уақытша тоқтатқан.

Бұл-жеке балабақша. Мұнда Амангелді ауылынан бөлек көрші елдімекен балалары да келетін көрінеді. Оқыс жағдай екі күн бұрын болған. Аудандық ауруханаға түс мезгілінде алдымен 11 бала түскен. Жастары 2 мен 3 шамасындағы 34 бүлдіршін бірінен соң бірі жедел жәрдеммен жеткізілді ,- дейді дәрігерлер. 19 бала бірден жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған. Оның үшеуі жансақтау бөліміне түскен.

Бекарыс ЕСЕНБЕКОВ,  КЕЛЕС АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Түскен кезде болған белгілері бас айналу, құсу, екі сағаттан кейін дене қызулары көтеріле бастады барлығының. Соған байланысты госпитализация жасадық өзімізге. Ал, екі сағатқа дейін стабильный болған науқастарды амбулаториялық емге жібердік. Қазіргі таңда ол өзіміздің емхананың бақылауында.

Үш бала әлі ауруханада жатыр. Бүгін олар жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған. Жағдайлары бірқалыпты дейді дәрігерлер. Алдын ала болжам бойынша, балалар астан ұшынған болуы мүмкін. Әзірге белгілісі таңғы асқа ботқа жеген, түскі асқа сорпа ішіпті. Санэпидемиологтар зертханалық тексеру жүргізіп жатыр.

Нұрсұлтан СМАН, КЕЛЕС АУДАНДЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сынамалар тағам өнімдерінен алынды, суларынан алынды. Науқастар құсық, асқазан шайындылары, нысандардан Е сүртінділері алынды. Алдын ала зерделеу жұмыстары нәтижесінде күріш ботқасы күдікті тағам ретінде күдіктелуде. Таңғы асқа күріш ботқасы берілген. Қазір күріш ботқасына сынамалар алынып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сынамалар қорытындысы бірер күнде дайын болады деді мамандар. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады.