$471.46 €504.79 ₽5.53
×

"Холанд келеді". Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын қайда өткізетіні белгілі болды

AstanaTV
26.06.2024ж. 22:14
178
"Холанд келеді". Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын қайда өткізетіні белгілі болды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Алматының орталық стадионында өткізеді. Бұл жайында бүгін Астанада өткен баспасөз жиынында ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов айта кетті.

Норвегиямен өтетін алғашқы ойынды Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. UEFA-мен сәтті келіссөздер жүргізілді. Бізге нені түзеу керек екенін айтты. Біз төртінші категорияны алуымыз керек. Өзге матчтар жайлы айту әзірге ерте. Бірақ бірінші ойынды Алматыда өткізуге дайындалып жатырмыз, - деді маман.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы стадиондардың талаптарға сай келмеуіне байланысты ойындарын өзге елде өткізуі мүмкін деген де ақпараттар тараған еді.

Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні өтеді. Норвегтер сапында танымал футболшы Эрлинг Холанд өнер көрсетеді.