$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Жастар есірткісіз қоғам қалыптастыруға шақырады

Жастар есірткісіз қоғам қалыптастыруға  шақырады

Есірткі адамзат өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан қоғам болып осы мәселеге бейжай қарамай, қарсы күресу керек. «Жастар рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалы тұрғындарды бастаманы қолдауға шақырды. Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне қала көшелерін аралап халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы үнпарақтар таратты. Акцияға еріктілерден өзге облыстық полиция департаменті өкідері де қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар бір күнмен шектеліп қалмайды дейді. 

Әсетхан БАЙМҰРЗА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Есірткіге жол жоқ» акциясы «Жастар рухы» ЖҚ-ның бастамасымен жыл көлемінде республикамыздың барлық аймақтарында жүзеге асады. Осы бойынша түрлі графитиларды өшіру жұмыстары мен халыққа түсіндіру жұмыстары қазіргі таңда республикамызда жыл көлемінде жүзеге асып келеді.