$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында 330 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысып, 11 500 тонна қоқыс шығарған

Жамбыл облысында 330 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысып, 11 500 тонна қоқыс шығарған

Еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» акция жалғасып жатыр. Жалпыұлттық экологиялық шара басталғалы Жамбыл облысында 330 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысып, 11 500 тонна қоқыс шығарған. Жалпыұлттық экологиялық акцияға «Аmаnаt» партиясының өкілдері де үлес қосуда. 

Партия бастамасымен қолға алынған “Таза бейсенбі” шарасында Жамбыл облысындағы Қарасу каналының 20 шақырымы қоқыстан тазартылды. Апта сайын өтетін жоба аясында 300 тоннадан аса күл-қоқыс жиналды.

Ерғали ОМАРОВ,  "АМАNAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Әр апта сайын, әр бейсенбі сайын бұл акцияға партия белсенділері, Аманат партиясының өкілдері, соның ішіндегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының өкілдері, жалпы жастар партия белсенділері түгел атсалысуда. Барлық Жамбыл облысының тұрғындарын соның ішінде қала тұрғындарын, қала тұрғыны ретінде Таза Қазақстан акциясына, мемлекет басшысының бастаған акциясын қолдауға шақырамын.

Ал Алматы облысы Қарасай ауданындағы «Аmаnаt» партия мүшелері мен ерікті жастардан құралған бір топ азамат өз аудандарындағы лас жерлерге алдын ала жоспар құрды. Олар «Табиғатты аялайық» деген ұранмен тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қаныбек АЙТЖАНОВ,  "АМАNAT" ПАРТИЯСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Президенттің бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы елімізде толық жүріп отыр ғой. Осыған байланысты бізде өзіміздің үлесімізді қоса келе барша өзіміздің жерлестерімізді үлкен демей, кіші демей баршаңызды елімізді таза ұстауға табиғатты аялауға, эко мәдениетті қалыптастыруға шақырамын.

Акция аясында шығысқазақстандықтар Бұқтырма су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. Тасқын кезінде су қоймасына бұлақ ағыны әкелген бұтақтар мен тастар жағалауға үйіліп қалған болатын. Шараға атсалысқан партия және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, еріктілер мен ауыл тұрғындары жағалауды тап-тұйнақтай етті.

Аманбай НҰРКЕНОВ,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің өлке облыс еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі. Аймақта туристік кластерді дамытуға өте қолайлы, өйткені біздің өңірдің табиғаты тамаша. Ұрпақ болашағы үшін, аймақтағы туризмді дамыту үшін қорғауға тиісті көлдер мен өзендер көп.

Экологиялық акцияға қатысқан әрбір тұрғын еңбектің жемісін көру қуантатынын айтады. Бұрын қараусыз қалған бақтардың қазір өңі кіріп, серуен құратындардың қатары көбейген.