$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Атырау облысында қарақұрт қаптап барады

27.06.2024ж. 20:00
427
Атырау облысында қарақұрт қаптап барады

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндік малды қойып, адамды шағып жатыр. Индер ауданы бойынша 9 адам зардап шеккен, оның 2-еуі бала. Абырой болғанда бәрі аман. Ал қарақұрт шаққан түйе мен жылқы сеспей қатып жатыр. 95 Ойсыл қараның 17-сі, 15 жылқының 6-ауы өлген. Мамандар улы жәндік ошағы - Индер ауданының барлық округтерінің жайылымы,- дейді. Дегенмен тұрғындар, ауыл ішінде, аула-қора маңынан жиі көретінін айтады. Қауіпті жәндік бала-шағаға уын шаша мен уайымдап отыр. Әкімдіктегілер болса, қарақұртты жоюға бюджеттен арнайы қаржы қарастырылмаған,- дейді. Айта кетейік, Индер ауданына көрші Махамбет ауданы тұрғындары да соңғы күндері улы жәндікті жиі көретінін айтып дабыл қағып отыр. 

Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ, ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттен қарақұртқа қарсы ақша бөлінбейді, ақша қарастырылмаған. Ветмамандармен қарақұртқа қарсы крови дейді, қара май ғой, өңдеу жұмыстарын шаруагерлердің сұранысы бойынша жасауда. Қой қарақұртты былай айтқанда, қазақша айтқанда, қуып жүріп жейді екен, мамандардың айтуы бойынша. Қойдың басының азаюынан да болуы мүмкін деп болжам айтып отыр қазір мамандар.