$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда жол апатынан 4 жас жігіт мерт болды

Алматыда жол апатынан  4 жас жігіт мерт болды

 Алматыда жол апатынан 4 жас жігіт мерт болды. Оқиға түнгі сағат 2:00 шамасында Медеу ауданына қарасты Үлкен Алматы каналының бойында орын алды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік ағашқа соғылған. Өртеніп, арыққа сырғанап кеткен. Апатқа себеп болған Лада автокөлігі Үлкен Алматы каналының жолымен Бесағаш ауылының бойымен батыс бағытта келе жатқан көрінеді. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмған, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барлығы -Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары. Төрт адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды.