$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Үйі суға кеткен оралдықтарға пәтер берілді

27.06.2024ж. 20:00
352
Үйі суға кеткен оралдықтарға пәтер берілді

Су тасқынынан зардап шеккен оралдықтарды баспанамен қамтуға 70 миллиард теңге жұмсалады. Қаржы мәселесі де толығымен шешілген. Көктемде үйсіз қалып күйінген тұрғындардың алды қазір жаңа үйде қоныс тойын тойлап жатыр. Тасқыннан кейін өңірде салынып жатқан үйлерді аралаған вице-премьер Қанат Бозымбаев құрылыс қарқыны мен сапасын тексерді. 

Қазір облыстың суға кеткен төрт ауданында 401, Оралдың өзінде 374 үй салынып жатыр. Құрылысқа 32 мердігер мекеме жұмылдырылып, екі мыңдай жұмысшы тартылған. Өңірді аралаған вице-премьер Қанат Бозымбаев құрылыс қарқынын тездетуді тапсырды. Қаржы мәселесі толық шешілгендіктен, ендігі міндет - межелі мерзімге үлгіру.

Санат Бозымбаев, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Эрджи компаниясы 20 млрд теңге бөліп жатыр осы құрылысқа. Қалаға 9,5 млрд керек боп жатыр. Келесі аптада Үкіметтің қаулысы шығады. 25-30 млрд теңгеден КПО көмек көрсетеді осы облысқа. Сонда ғана 100 пайыз қаржымен қамтамасыз етеміз деп айтуға болады.

Елімізде көктемгі су тасқынынан ең көп зардап шеккен аймақ - Орал өңірі. Тұрғындарды баспанамен қамтудың өзіне 70 миллиард теңге жұмсалмақ. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, оңтүстік облыстардан жұмыс күші мен техника тартылады.

Әлібек АНТАЗИЕВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпы құрылыс құны 9,4 млрд тг құрайды. 25 млн тг бір үйдің құны. Бүгінгі таңда жер жұмыстары бітіп, фундамент, сонымен қатар тас қалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша осы 1-қыркүйек айында осы жұмыстарды бітіреміз.

Құрылыс қарқынын тездетуді пысықтаған вице-премьер тұрғындарға баспана кілтін тапсыру рәсіміне де қатысты. Жайлы да жаңа пәтерге қоныстанған қалалықтар қиын күндердің артта қалғанына қуанышты.

Марат Дәулетов,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

1-дачада, Викторияда тұрғам. Бүгін алған үйім ұнады. Көңілге сыйды семьяма да бәріне. Президентімізге рахмет айтам. Жамандық артта қалсын енді, болмасын қиындықтар! Жақсылықта кездесе берейік!

Бүгінде саяжайда тұратын 3 мыңдай отбасының 700-іне жаңа мекеннен пәтер кілті тапсырылыпты.