$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Электромобиль иелері тұрақта ақы төлеуден босатылады

27.06.2024ж. 20:00
356
Электромобиль иелері тұрақта ақы төлеуден босатылады

Енді букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынып, жастарға энергетикалық сусын сатылмайды.  Сондай-ақ Мемлекеттік және әскери қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен -280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Ойынға құмартса бірден жұмыстан шығарылады. Сенат жаңа норманы қабылдады. Заң аясында 7 кодекске және 14 заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 

Әсем РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

21 жасқа толмаған азаматтар, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға өзіне шектеу қойғандар, мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелері орындалмаған әрі борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген адамдар.

Ал, электромобиль иелері тұрақта ақы төлеуден босатылады. Қазір елде 9 мыңнан аса электр көлігі бар. Бұл – мұндай тұлпар түрінің күн санап көбейіп жатқанын көрсетеді. 

Сұлтан ДҮЙСЕМБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне толықтыру енгізу туралы» ілеспе Заң электр желілеріне өз бетінше қосылғаны үшін, сондай-ақ электрқуаттау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатында әзірленген.