$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Жасыл ел» жасақтары Есіл өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартты

27.06.2024ж. 17:18
322
«Жасыл ел» жасақтары Есіл өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартты

«Жасыл ел» жасақтары Есіл өзенінің жағалауын кұл-қоқыстан тазартты. Бұл -«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған кезекті ауқымды шара. Оған 100 –ден аса ерікті қатысып, 1 тоннадан астам темір – терсек пен пластик шығарылды. Жасақ жетекшісінің айтуынша, мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбекке баулып, қаланының көркеюіне үлес қосады. "Жасыл ел" жасақтары маусым айынан бастап қала бойынша 1000 тоннадан астам қоқыс тазартып, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысқан. 

Айдар ЕРЛАН, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Осындай шаралардың арқасында біз өскелең ұрпақтың бойына экологиялық мәдениетті сіңіріп жатырмыз. Біз таза ортада өмір сүргіміз келеді, қаламызды ұқыпты және әдемі болғанын көргіміз келеді. Елорда жастарының біздің ұмтылыстарымызды қолдайтынына қуаныштымын. Бірте-бірте қоршаған ортаны құрметтеу әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналады деп ойлаймын