$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Таразда тізімде жоқ балалар үшін 4 жыл бойы ақша алып келген жекеменшік балабақша басшысы сотталды

27.06.2024ж. 20:00
419
Таразда тізімде жоқ балалар үшін 4 жыл бойы ақша алып келген  жекеменшік балабақша басшысы сотталды

Таразда тізімде жоқ балалар үшін 4 жыл бойы ақша алып келген жекеменшік балабақша басшысы сотталды. Жалған құжат жасап қазына қаржысына қол салған меңгерушінің әрекетін салық басқармасы 48 ай бойы аңғармаған. Өйткені ол құжатын қанттай қылып есеп беріп келген көрінеді. Оны дер кезінде анықтауға кәсіпкерлерді тексеруге мараторий кедергі болыпты. Құйтырқы ойын жүзеге асырған балабақша меңгерушісі 75 баланы тәрбиелеп жатырмыз деп жалған құжат жасап, мемлекеттің 12 млн теңгесін қалтаға басқан. Енді осы әрекеті үшін ол 4 жыл жазасын түрмеде өтейді. Сонымен қоса жымқырған мемлекет қаржысын қайтарады. 

Талғат ҚОЖАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА БӨЛІМІНІҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:

Балабақша басшысы тәрбие-оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды.