$471.46 €504.79 ₽5.53
×

"Құны – бір пәтер": Әлішер Кәрімов қандай ота жасатқанын айтты

AstanaTV
28.06.2024ж. 01:00
188
"Құны – бір пәтер": Әлішер Кәрімов қандай ота жасатқанын айтты

Қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов өткен жылы денсаулығы сыр беріп, омыртқасына ота жасатты. Өнер иесі 11 сағатқа созылған операцияның бағасы бір пәтердің құнымен бірдей болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов ота жасатқан сәтін еске алып, Асхат Садырбайға берген сұқбатында оған қатысты бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы операцияға қыруар ақша жұмсағанын жасырмады. Әншінің сөзінше, отадан кейін денсаулығы тез жақсарып кеткен.

"Денсаулыққа мән беру керек. Менің жағдайымда омыртқа мәселесі болды. 11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасы болды. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат бояндыратын бөлмедегі кереуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды. Денсаулықтың қадірін түсінеді екенсің", – деді Кәрімов.