Өскеменде күрделі құтқару операциясы жүргізілді. Құтқарушылар гараждың қарау шұңқырынан бетон тақта басып қалған адамды құтқарды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД.
Өскеменде ер адам Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан гараждың бақылау шұңқырына құлап, оны бетон тақта басып қалды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жедел көмекке келді.
"Оқиға орнында полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар көмектесуге тырысты. Гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар ауыр жабынды көтеріп, ер адамды абайлап шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды", - деді ТЖД.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.