$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Шанхай ынтымақтастық ұйымына елдер арасында бірлескен инжинирингтік хаб құруды ұсынды

28.06.2024ж. 20:00
526
Шанхай ынтымақтастық ұйымына елдер арасында бірлескен инжинирингтік хаб құруды ұсынды

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы іскерлік кеңесі алқасының 25-ші отырысы өтті. Шара барысында ұйымға мүше елдер арасындағы экономикалық мәселелер талқыланды. Сондай-ақ форумға жиналған 6 мемлекеттің бизнес өкілдері өзара серіктестік орнатты.«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов Шанхай ынтымақтастық ұйымына елдер арасында бірлескен инжинирингтік хаб құруды ұсынды. 

Райымбек БАТАЛОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП ТӨРАҒАСЫ:

ШЫҰ мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығының қаржылық тетіктерін пысықтауымыз қажет. Былтыр шілдеде Мемлекет басшысы 20 жыл ішінде ШЫҰ қамқорлығымен бірде-бір ірі экономикалық жобаны іске асыру мүмкін болмағанын атап өтті. Жобалық қызметті қаржылық қолдау тетіктерінің болмауы айқын фактор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының ШЫҰ өңірлік жобаларына тікелей және портфельдік инвестицияларды ынталандыру платформасы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын пайдалана отырып, жеке жоба ретінде ШЫҰ инвестициялық қорын құру туралы бастамасы өзекті болып отыр.

ШЫҰ елдерінен былтыр Қазақстанға 4,6 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған. Агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика, медицина, білім беру, IT, туризм тағы сол сияқты экономиканың көптеген секторын қамтитын елдердің бизнесімен белсенді ынтымақтасады. 

Чия Пи ЛИ, ҚЫТАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР:

Біздің компания жеке тұлға бола отырып, қоғам өміріне және елдер арасындағы халықаралық қатынастарды дамытуға қатысуды өзінің міндеті деп санайды. Бизнес-форум және ШЫҰ Іскерлік кеңесінің отырысы аясындағы бұл шараға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл жолы біз де өз өнімдерімізді ұсынып отырмыз.