$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«ШЫҰ саммитінің Қазақстанда өтуі ел беделін арттырады», - сарапшы

28.06.2024ж. 20:00
452
«ШЫҰ саммитінің Қазақстанда өтуі ел беделін арттырады», - сарапшы

9 мемлекетті біріктірген Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары Есіл жағасында бас қосады. Үлкен алаңда ең өзекті мәселелер талқыға түсері сөзсіз. Қазір ұйымға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан мен Пәкістан мүше. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін бақылаушы болып келген Беларусь биыл қатарға қосылуы тиіс. Ал Қазақстан былтырғы шілдеден бері ұйымға төрағалық етеді. Астанадағы жиында маңызды құжаттар жарияланады деп жоспарланып отыр. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Самиттің Қазақстанда өтуі – еліміздің де, ұйымның да аймақтағы беделінің артып келе жатқанының белгісі. Осы жолғы саммиттің өзгелерден ерекшелігі – Иран, Үндістан, Араб елдері, Беларусь мемлекеттеріне қатысты ашық әңгімелесулер, шешімдер болуы мүмкін.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары күн тәртібіне енгізілетін және өзара мүдделерге сай келетін өзекті мәселелерді талқылайды. Әсіресе саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ықпалдастық және халықаралық геосаяси түйткілдердің түйіні тарқатылмақ. 

Талғат ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Бірден 16 мемлекет басшысы келеді біздің Елордаға. Ол өте үлкен саммит. Түркия, Әзірбайжан келеді ШОС-қа кірмесе де. Қатысып жатыр. Ең басты құжат – Астана декларациясы. Ішіне не кіретіні әлі белгісіз. Бірақ оны бүкіл елдер дайындап жатыр сол декларацияны.