$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда жаңа піскен көкөніс өнімдері 15 пайызға қымбаттады

28.06.2024ж. 20:00
284
Павлодарда жаңа піскен көкөніс өнімдері 15 пайызға қымбаттады

Павлодарда жаңа піскен көкөніс өнімдері 15 пайызға қымбаттады. Егін басынан енді ғана әкелінген жаңа картоптың келісі 300-ге теңгеге жақындаған. Бұдан бөлек сәбіз, пияздың да құны аспандап тұр. Әлеуметтік маңызы бар тауар түріне жоспардан тыс тексеру жүргізген құзырлы органдар көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан 10-нан астам дүкенді анықтады. Кәсіпкерлерге бірінші рет ескерту берілген. Жағдай екінші рет қайталанса, 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ. Ал бұқара азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанын айтады. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Жеміс-жидектар, көкеніс аламыз. Ну әр жерде әр түрлі. Жай магазиндерде кішкен арзанырақ. Крупный магазиндерде өте қымбат бағалар.
- Ұнға байланысты заттарды аламыз. Каждый раз бағасы қымбаттайды. Зарплата қосады бірге бағада бірге өседі ғой бірге.

Көкөністен бөлек күріш, қарақұмық, күнбағыс майы және қант өнімдері де өскен. Әсіресе, қарақұмықтың бағасын екі есеге дейін көтерген дүкен иелері анықталды. Оларға тисті органдар қомақты көлемде айыппұл салды. Биыл мамандар бағаны қолдан қымбаттатқан 95 кәсіпкерді жауапгершілікке тартқан. 

 Дәулен ҚАБДУШЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Тіпті, тауар құнын 197 пайызға дейін көтергендер бар. Мысалы, қарақұмықтың орташа бағасы 198 теңге болса, кейбір дүкендер бұны 470 теңгеге сатқан. Кәсіпкерді жауапқа тарттық. Содан кейін барып, қарақұмық бағасын 227 теңгеге түсірді. Тексеру барысында мұндай фактілер көп болды.