$480.61 €534.53 ₽5.28
×

"Соңғы бес жылда елімізде ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды", - Е.Қарин

"Соңғы бес жылда елімізде ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды", - Е.Қарин

Елімізде соңғы 5 жылда ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалардың арқасында жаңа теңдестірілген билік жүйесі қалыптасты.Парламенттің ықпалы айтарлықтай ұлғайып, Үкіметтің жауапкершілігі артты, Конституциялық Сот құрылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Қазақстандағы өзгерістердің маңызды және жарқын көрсеткіші – нақты пікір плюрализмі. Қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сөз бостандығы қазірдің өзінде қалыпты жағдай саналады. Бұл ең әуелі Президент ұсынған «әртүрлі пікір – біртұтас ұлт» қағидасының арқасында мүмкін болып отыр. Жалпы, Мемлекет басшысының бұл сөзінде Әділетті Қазақстан құру бағытының өзгермейтіндігі, басталған кешенді реформалардың кері қайтпайтындығы және бұл үдерістегі қоғам мен азаматтардың рөлі айрықша екендігі туралы маңызды месседждер бар.