Сүйінші хабар! Астана телеарнасының «Astana times» жаңалықтар қызметі «Тұмар» Ұлттық телевизиялық байқауының «үздік ақпараттық бағдарлама» номинациясын жеңіп алды.
Біздің арна туралы айтатын болсақ, мұнда ылғи жастар. Рейтинг жағынан жастар болса да, үлкен телеарналармен бірге бәсекелесіп келе жатыр. Осы жастарға қолдау білдіріп отырған басшылыққа алғысымды білдіремін.
Жеңімпаздар отандық телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесін және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды. Айта кету керек, “Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі қазақстандық телевияны дамыту алғаш рет 2017 жылы құрылған. Биыл байқауға 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім келіп түскен. Шорт-листке 48 жұмыс енді.
Мадина БАЛҒАБАЕВА, “ҮЗДІК ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ” НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:
Бүгінгі «Тұмар» алу рәсімі өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі десе де қателеспеспін. Бұл менің жұмысымның ең тәтті жемісі. Бұл тек қана менің жеңісім емес, бүкіл редакцияның, бүкіл творчестволық ұжымның еңбегі. Сондықтан да бұл біздің ортақ жеңісіміз.