$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды

AstanaTV
28.06.2024ж. 21:23
380
Павлодарда жасөспірімді автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды

Павлодарда жасөспірім қызды автобустан мәжбүрлеп түсірген жүргізуші жазаланды. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, полицияның назарына іліккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде маршруттық такси жүргізушісінің мектеп карточкасының болмауына байланысты жасөспірім қызды түсіріп кеткен видеосы полиция назарына ілікті. 

"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Аталған көлік құралының жүргізушісі анықталды. Оған қатысты заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған қызды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік айыппұл салынды", – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.