$471.46 €504.79 ₽5.53
×

Назарбаев университетін Ұлыбритания азаматы басқаратын болды

AstanaTV
29.06.2024ж. 07:29
109
Назарбаев университетін Ұлыбритания азаматы басқаратын болды

Назарбаев университетіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлыбритания азаматы, доктор Ахмад Вакар Назарбаев университетінің президенті болды. Бұл шешімді НУ қамқоршылық кеңесі қабылдады.

Ахмад Вакар 2017 жылдан бері Абу-Даби университетінің ректоры болған. Оның басшылығы кезінде Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең жақсы университеттер арасында 250-300 орынға жетті.

Сондай-ақ жаңа басшы беделді ғылыми журналдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.