$536.76 €630.85 ₽6.45
×

Алматыда отқа оранған екіқабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

AstanaTV
29.06.2024ж. 10:49
Алматыда отқа оранған екіқабатты ғимараттағы өрт сөндірілді

ТЖМ Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екіқабатты ғимараттағы өрт толығымен сөндірілгенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ТЖМ күштерімен 150 шаршы метр аумақты алған өрт толығымен сөндірілді", делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, жиһаз дүкені мен оған жапсарлас орналасқан бір қабатты наубайхана өртенген.