$471.46 €504.79 ₽5.53
×

Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды

AstanaTV
29.06.2024ж. 14:44
161
Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды

Қостанай облысында із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы жергілікті "Регион 10" еріктілер тобы хабарлады. Бойжеткен 26 маусым күні Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, жоғалып кеткен. Полицейлер мен еріктілер оны екі күн бойы іздеді. 28 маусымда қыз өлі күйінде табылды.

"Полиция Әулиекөл ауданында 16 жасар қыздың мәйітінінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген Қостанай облысының полиция департаментінің хабарламасында.