$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Еуропа чемпиондары еліне қайтты

AstanaTV
29.06.2024ж. 23:41
286
Еуропа чемпиондары еліне қайтты

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Бұл жолдаманы алғаш болып Швейцария құрамасы жеңіп алды. 

Берлинде өткен ойында Мұрат Якин жаттықтыратын құрама Италияны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша қазіргі Еуропа чемпионы атағына ие "скаудра адзурра" еліне қайтты. 

Ойында 37-минутта Ремо Фройлер есеп ашты. Ол Доннарума қорғаған қақпа алдында командаласының пасын сәтті қабылдап, гол соқты.

Екінші голды швейцариялықтар екінші тайм басталған тұста-ақ еншілеріне жазды. Бұл жолы Рубен Варгас алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Оның шиіре тепкен добы Италия құрамасының қақпасында тулады. 

Швейцария құрамасы ширек финалда Англия – Словакия арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі,- деп хабарлайды Massaget.kz.