$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркияда түнгі клубқа барған: Мектеп мұғалімдері директорын сотқа беріп, шешім шықты

AstanaTV
30.06.2024ж. 13:58
369
Түркияда түнгі клубқа барған: Мектеп мұғалімдері директорын сотқа беріп, шешім шықты

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық соты Түркияда түнгі клубқа барып, жұмысынан шығып қалған екі мұғалімнің мектеп директорының үстінен берген талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, - деп жазды KAZINFORM.

Қармақшы аудандық сотында талап қоюшылар С. мен Ж.-ның жауапкерлер М мен Ж-дан, аудандық полиция бөлімінен моральдық зиян өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. 

«Мектеп-лицей мұғалімдері 2024 жылғы 9 қаңтардан өз өтініштеріне байланысты жұмыстан босатылған. Талап қоюшылар сотқа жауапкерлердің іс-әрекеті салдарынан моральдық зиян шеккендігін көрсеткен. Сол себепті әрқайсысының пайдасына М мен Ж.-ның әрбірінен 3 млн теңгеден, Қармақшы ауданының полиция бөлімінен 5 млн теңгеден және жауапкерлерден ортақтасқан түрде 1 млн теңгеден заңгерге кеткен шығынды өндіруді сұраған. Іс-құжаттарына және сотта зерттелген мән-жайларға қарағанда нақ осы жауапкерлердің iс-әрекетінен (әрекетсiздiктен) талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталған жоқ. Талап қоюшылар өз өтініштеріне байланысты жұмыстан босатылған», - деп мәлім етті Қармақшы аудандық сотынан. 

Мектеп басшылығының қысымынан және басқа жауапкерлердің әрекетінен өздеріне зиян келгенін растайтын дәлелдемені сотқа ұсына алмаған.һ

«Қармақшы аудандық сотының шешімімен талап қоюшылардың моральдық зиян өндіру туралы талап қою қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енбеген. Шешіммен келіспеген тарап, жоғары тұрған саты сотына шағым келтіре алады», - деп толықтырды Қармақшы аудандық соты.