Әзербайжанның Милли мәжілісі (Парламенті) 2024 жылдың 28 маусымында жақын туыстары арасында қиылатын некеге тыйым салатын өзгерістер енгізілген Отбасы кодексі үшінші және соңғы оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, некеге кедергі келтіретін жағдайлар бойынша Кодекс баптарына екі тармақ қосылды:
биологиялық атасы немесе әжесі ортақ, бір кіндіктен тараған бауырлардың балалары арасындағы одақтарға тыйым салу;
биологиялық туыстығы бар немере ағалар мен немере әпкелер арасындағы некеге тыйым салу.
Сондай-ақ, Отбасылық кодекстен дәлелді себептер болған жағдайда некеге тұрғысы келетін кәмелетке толмағандар үшін неке жасын бір жылға төмендету туралы тармақ алынып тасталды.