$475.18 €510.72 ₽5.47
×

Алматыда кафелердің бірі өртеніп кетті

AstanaTV
30.06.2024ж. 20:53
89
Алматыда кафелердің бірі өртеніп кетті

Алматыда Алмалы ауданындағы кафелердің бірі отқа оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр аумақта толығымен жойылды

«Өрт 2 қабатты кафеде болды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.