$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті: екеуі де қаза тапты

AstanaTV
01.07.2024ж. 09:24
351
Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті: екеуі де қаза тапты

 Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан екеуі де қаза тапты, - деп жазды KAZINFORM.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болды.

«Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған жас жігіт Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.