Оңтүстік
Қазақстан облысында жылыжай ұстап отырған кәсіпкерлер өнімсіз қаламыз ба деп
қауіптенеді. Өйткені өңірде көмір тапшы. Арнамызға шағым айтқан Қазығұрт
ауданының бір топ диханы, қатты отынды тасымалдауда іркілістер орын алып отыр, деді. Кейбір шауашылықтарда екі күнге жететін отын қоры қалған. Мәселе
жуық арада шешілмесе, шығынға бататындарын көлденең тартты. Айзада Төребекқызы
репортажы.
Қазығұрт
ауданының тұрғыны Сайдувалы Абдуллаев ширек ғасырдан бері жылыжай
шаруашылығымен айналысып келеді. Биыл жылыжай аумағын арттырған шағын кәсіп
иесі үй-жайын қойып, банктен несие де рәсімдепті. Жиырма күн бұрын еккен
қызанақтан сәуірде алғашқы өнімін алудан үмітті. Бірақ көмір тапшылығы туындап,
үміт ақталмай қала деп қауіптенеді.
Сайдувалы
Абдуллаев, жылыжай шаруашылығының қожайыны:
Қалыпты
температураны ұстап тұра алмағандықтан, қызынақтарымның бойы өспей қалды. Бұл
көшеттердің бойы қазір жарты метрден асып қалуы тиіс еді. Көмір кешіге берсе, сәуір тұрмақ, мамыр айында да жарытып өнім алуымыз екіталай.
Қазығұрт
ауданына қарасты Тұрбат ауылындағы 50 гектар жылыжай иелері тап осы қиындықты
бастан кешіп отыр. Мұндағы тұрғындарының 80 пайызының күнкөрісі - осы. Соңғы
бір айдан бері келісімшарт бойынша алуы тиіс отынға қолы жетпей жүрген
дихандар үнемдеуге көшіпті. Ал жылыжайлар сәуір айына дейін көшеттерге пана
болуы қажет.
Мамыржан
Вахапов, Тұрбат ауылының тұрғыны:
Түнде
сыртымызда суық -20 градус болып жатыр. Ал іште 12 градусқа жету өте қиын болып
жатыр.
Қатты
отынның тапшылығынан дихандар дайын көшеттерінің өзін толық отырғыза алмай
жатқандарын айтады.
Айзада
Төребекқызы, тілші:
Қазір
бұл жерде мынадай құтышаларда 100 мың түп қызанақ көшеті әзір тұр. Бұл өскіндер
осыдан жиырма күндей алдын жылыжайларға отырғызылуы тиіс болған екен. Бірақ, қазір көріп тұрғанымыздай, тек бойлары ғана серейіп өсіп барады. Шаруалар, қатты
отын мәселесі дер кезінде шешілмесе, уақыттан ғана емес, өнімділік жағынан да
айтарлықтай ұтылатын болдық деп, уайым қылып отыр.
Илияс
Саипов, жылыжай шаруашылығының қожайыны:
Шұбаркөлмен
келісімге тұрғанбыз. Бізге сапасы жоқ Майбұлақ деген көмір келіп тұр да, сонда
да бізге сол көмір де келмей жатыр, сапасы жоқ болса да. Біз не істерімізді
білмей, екі күндік көміріміз қалды.
Көмір тапшылығы Сарыағаш ауданы дихандарын да мазалап тұр.
Дәуірбек
Ермұратов, кәсіпкер:
Осы
жерде жатқанымызға бір жеті болды. Көмір жоқ. Бізге Санас деген фирмамен 17 мың
тонна көмірге договорға тұрғанбыз. Көмірді жеткізіп бере алмай жатыр
Сарыағашқа. Бір жетіде 1-2 вагон келеді. Әрі
тартады, бері тартады, ешкімге жетпей жатыр.
Ержан
Ахмет, «Санас» ЖШС өкілі:
Біз
күніне он вагон заявка береміз Шұбаркөлден Қарағандыдағы. Ал олар бізде 2 -3
вагон жібереді 2-3 күнде. Сол себепті біз жеткізе алмай жатырмыз.
Мәселенің
түйінін анықтау үшін «Шұбаркөл көмір» АҚ-да хабарластық.
Игорь
Селезнев, «Шұбаркөл көмір» АҚ сату бөлімі басшысының орынбасары:
«ҚТЖ-мен
күнделікті сөйлесіп отырмыз. Вагон жоқ болса, біз оны қайдан аламыз? Айдың соңғы
күндерінде ғана береді. Сол себепті тиісті мөлшерді мерзімінде жібере алмай
жатырмыз. Мүмкіндігінше оңтүстік, солтүстік бағыттарға бірдей көлемде аздап
болсын жөнелтуге тырысып жатырмыз.
Десе де, шұбаркөлдіктер қатты отынның
Оңтүстік Қазақстанға таяу күндері жіберілетін айтып сендірді. Бірақ нақты
уақыты мен көлімін нақтыламады. Ал аймақтағы жылыжай қожайындары барын үнемдеп,
күтуден басқа амалдары жоқ.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ