$471.83 €505.66 ₽5.4
×

Жамбыл облысында қатты жауын салдарынан 500-ге жуық мал қырылды

AstanaTV
01.07.2024ж. 13:46
158
Жамбыл облысында қатты жауын салдарынан 500-ге жуық мал қырылды

30 маусымда Жамбыл облысы Шу ауданында қатты жауын салдарынан малға шығын келіп, 200-дей бас мал өлексесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шу ауданы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, 30 мауысмда сағат 15:30 шамасында Шу ауданы, Көкқайнар ауылдық округіне қарасты Ақтасты таулы аймағында қатты жауын салдарынан ағынды су жүріп өтіп, "Ынтымақ" ШҚ-ның қора-жайына дейін жетіп, мал шығынына алып келді.

"Аталған шаруа қожалықтың жалпы 1600 бас малының 484 бас мал шығыны анықталған, қазіргі уақытқа 197 бас малдың өлексесі табылды. Бұл бағытта арнайы комиссия құрылып, толық мал шығыны есептеліп жатыр", - делінген хабарда.

Ағынды су Көкқайнар ауылы маңына дейін жетіп, ескі арна арқылы Тасөткел су қоймасына құйылып жатыр Әкімідіктегідере елді мекеннің тұрғын үй жайларына келер қауіп жоқ екенін айтты.