Астанада Мүгедек жастар қоғамының ұйымдастыруымен ерекше боулинг ойыны өтті. Қатысушылар көздеріне мата байлап, командаларға бөлініп сайысқа түсті. Бұл шараның мақсаты - ойын арқылы толыққанды адамдардың бойындағы жаңа қабілеттер мен мүмкіндіктерді ашу. Адам көзін жұмған кезде оның сезімталдығы 5 есе артып, мишық басқаша жұмыс істей бастайды.Осылайша адам өзінің ішкі түйсігіне сеніп әрекет етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың бәсекелестік деңгейін арттырады. Бұл экстрабилділік – деп аталады. Бүгінде мүгедектердің көптеген қоғамдық ұйымдары халықаралық экстрабилдік қозғалысына қатысып жүр.
Мұрат ӘБДІМҮМІН, «ЖАС МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ:
Біз бұндай спорт түрлерін дамытуды жөн деп санаймыз. Боулингті жабулы көзбен ойнаймыз, бұл ойынның ерекшелігі неде десеңіздер. Толыққанды денсаулық бар адамдарда жаңа сезімдерді дамытады. Осы арқылы, біз халықаралық экстрабилділік қозғалысының бір бағытын білдіреміз.
Дастан ЗЕЙНОЛДА, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Шарды жіберген кезде яғни көрмей тұрып жіберуғ көре тұрып жібергеннен айырмасы қатты және де қиындау болады басында. Бірақ бірнеше рет көрсең дағдыланып алуға болады екен. Бұл жерде адамның өзінің басқа сезімдеріәне көңіл артуы, жасап жатқан іске деген концентрациясы