$480.55 €533.75 ₽5.36
×

"Таза Қазақстан": Абай облысында 83 590 адам акцияға қатысты

01.07.2024ж. 20:00
237
"Таза Қазақстан": Абай облысында 83 590 адам акцияға қатысты

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалар мен аудандарды тазалау жұмыстары жүргізілді.  Шараға қатысушылар ескерткіштерді, гүлзарларды және басқа да орындарды абаттандырды. Өңірде 10-ға жуық түрлі акция өтті. Жобаның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоғамдық орындарды, көшелер мен су айдындарында жиналған қоқыстардан тазарту. Айта кетейік акция басталғалы 83 590 адам белсенділік танытқан. 

Салтанат МЕҢДІБАЕВА, БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Мемлекет басшысының қолдауымен өтіп жатқан "Таза Қазақстан" акциясына өте қуаныштымыз. Біздің ауданымыздың өркендеуіне тазалығына мән беріп жатқан барлық жастарға айтар алғысымыз шексіз. Осындай бастамалар көп болсын.